Алматының Түрксіб ауданында екі қабатты кафе ғимаратында өрт болып, ғимараттың шатыры тұтанды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, таңертеңгі уақытта Түрксіб ауданында орналасқан екі қабатты кафе ғимаратында өрт тіркелді.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына дереу жетті. Келген соң ашық жалын ғимараттың шатырын қамтығаны анықталды. Барлау барысында қосалқы үй-жай мен шатырдың жануы анықталды.
«Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу келді. Келген соң ашық жалын ғимараттың шатырын қамтығаны анықталды. Барлау барысында қосалқы үй-жай мен шатырдың жануы анықталды», — деп хабарлады ведомство.
Өрттің көршілес құрылысқа таралу қаупі болған, алайда өрт сөндірушілер жалынның таралуын болдырмады. Сөндіру кезінде құтқарушылар әртүрлі көлемдегі алты оттегі баллонын жану аймағынан шығарып, олардың жарылу қаупін алдын алды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
