...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматының бас жоспары кешенді сараптамадан оң қорытынды алды

Алматының бас жоспары кешенді сараптамадан оң қорытынды алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сессия барысында Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов жобаның негізгі міндеттерін атап өтті. Оларға табиғатты қорғау шараларын күшейту, экологиялық ахуалды жақсарту, сейсмикалық микроаймақтау нәтижелерін ескере отырып, қалалық ортаны теңгерімді дамыту, табиғи аумақтарды сақтау және тау бөктерлерін негізсіз құрылыстан қорғау кіреді.

Әкім орынбасары жобаның бірінші басымдығы — Алматының табиғи негізін сақтау екенін атап өтті. Тау бөктерлерінің ландшафттарын, су ресурстарын және көгалдандырылған аумақтарды қорғау, сондай-ақ қаланың үздіксіз экологиялық қаңқасын қалыптастыру көзделеді. Оның негізін тау бөктерлері, өзен аңғарлары, саябақтар мен скверлер құрайды. Оларды біртұтас жүйе ретінде дамыту қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, табиғи байланыстарды сақтауға және тұрғындар үшін демалыс орындарының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, жоба Алматының бес негізгі аумақты біріктіретін полицентрлік даму моделін сақтайды және нақтылайды: «Тарихи орталық», «Шығыс қақпа», «Солтүстік», «Оңтүстік-Батыс» және «Батыс».

Жаңартылған құжат өзекті деректерге негізделген және экологиялық, сейсмикалық, көліктік, әлеуметтік және инфрақұрылымдық шектеулерді ескере отырып, қаланы теңгерімді дамытуға бағытталған.