...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы екі экопостта көліктерден балта мен бита табылды

Алматының Жетісу ауданындағы екі экологиялық постта полицейлер көліктерді тексеру барысында телескопиялық таяқша, балта және бита тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Нұра» және «Көкжиек» посттарында көліктерді тексеру кезінде тәртіп сақшылары белгілі бір жағдайларда қауіп төндіруі мүмкін заттарды анықтады.

«Нұра» постында түскі уақыт шамасында Subaru көлігін тоқтатты. Салонды тексеру кезінде бүктелген телескопиялық таяқша табылды. Оқиға орнына жедел топ шақырылды. Таңертең «Көкжиек» постында басқа көліктің жүксалғышынан полицейлер балта мен бита тапты», — делінген хабарламада.

Енді полицейлер жүргізушілердің бұл заттарды не үшін тасымалдағанын және олардың басқа құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғын анықтауы керек.

«Екі дерек бойынша да іс жүргізу басталды», — деп қосты полицияда.