...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматының екі ауданында жылу желілерін жөндеуге байланысты қозғалыс шектеледі

Алматыда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында инженерлік желілерді жоспарлы қайта жаңарту жүргізілуде. Осыған байланысты қаланың екі ауданында бірқатар көше учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

2026 жылдың 8 маусымынан бастап жылу желілерін қайта жаңарту кезеңінде көлік қозғалысы келесі көше учаскелерінде шектеледі:

— Карпатская көшесі № 38 балабақшадан Куприн көшесіне өтумен, одан әрі Калининградская көшесімен № 29 үйге дейін;

— Тоқтабаев көшесі Пришвин көшесінен Сүлейменов көшесіне дейін және Сүлейменов көшесінен № 20А үйге дейін.

Уақытша шектеулер көрсетілген көше учаскелерінің жүргін бөлігінің астынан өтетін құбырларды қайта жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

АлТС мәліметінше, аталған нысандарда биылғы жылы 1983 және 1988 жылдары пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 700 метр жылу желілерін ауыстыру жоспарланған.

— Бұл жұмыстарды орындау алдағы қысқы кезеңде төрт көппәтерлі тұрғын үй, екі жеке үй, бір балабақша және басқа да нысандардың тұрғындарын тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қайта жаңарту кезеңінде тұтынушыларға ыстық су беру сақталады, — деп мәлімдеді АлТС.

Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырады.

Дереккөз: Inform.kz