...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыға шетел туристерінің қызығушылығы 71%-ға өсті

Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретінде өз позициясын нығайтуда. Mastercard Tourism Insights және D/AI Destinations халықаралық аналитикалық платформаларының деректері бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға әуе рейстерін іздеу сұраныстары саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-ға өскен. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қызығушылықтың ең жоғары өсімі Қытай (+166%), АҚШ (+93%), Ұлыбритания (+85%) және Оңтүстік Корея (+75%) тарапынан тіркелген.

Сандық пікірлерді талдау қорытындысы бойынша Алматыға сапардың жалпы қанағаттану индексі 82,6 балды құрады. Ведомствоның атап өтуінше, ең жоғары бағаларды қалалық көрікті жерлер, қонақ үйлер, мейрамханалар және қысқа мерзімді орналастыру нысандары алған.

Дереккөз: Almaty.tv