
Қазақстандық лоукостер 2026 жылғы жазғы маусымда Алматы – Ыстықкөл (Тамчы) – Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Маусымдық бағдарлама 18 маусымда басталып, 30 тамызға дейін жалғасады. Алматыдан Тамчыға рейстер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Алматыдан ұшу 16:15-ке жоспарланған, ал рейс ұзақтығы бір сағаттан аз. Бір бағыттағы билет құны 34 мың теңгеден басталады.
Сонымен қатар, биыл тасымалдаушы Астанадан да Ыстықкөлге тікелей рейстерді іске қосады. Астана – Тамчы – Астана бағыты бойынша рейстер 3 шілдеде басталып, аптасына екі рет, дүйсенбі және жұма күндері 31 тамызға дейін орындалады.
Дереккөз: Inalmaty.kz