Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 7 тамыздан бастап Алматыдан Тараз бағытында күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жолшылардың ресми хабарламасына сәйкес, жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін Алматыдан Тараз бағытындағы көлік қозғалысы Отар – Кордай – Қайнар (Кордай асуының ескі жолы) автомобиль жолы арқылы өтетін баламалы бағытқа ауыстырылады.
Жүргізушілерге алдын ала жол маршрутын жоспарлау, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау және жол жұмыстары жүріп жатқан аймақта барынша мұқият болу ұсынылады.
Айналма жолдың схемасы қоса берілген.
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ
Бұған дейін 8 тамызда сағат 05:00-ден 06:00-ге дейін Хоргос – Алматы бағытында ені 7 метр, ұзындығы 24 метр болатын ірі габаритті жүктің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін көлік қозғалысы уақытша шектелетіні хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz
