...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Әлем

Алматыдан 100-ге жуық экспонат Шанхайдағы халықаралық көрмеге қойылды

26 маусымда Қытай Халық Республикасының Шанхай тарихи мұражайында (Shanghai History Museum) Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі дайындаған «Наследие предков в преемственности традиций» халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көрме Алматы әкімдігі, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Бас консулдығы және Шанхай мэриясының қолдауымен өтті. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени диалогты дамытуға, сондай-ақ шетелдік аудиторияны қазақ халқының тарихы, дәстүрлері және бай рухани және материалдық мұрасымен таныстыруға бағытталған.

— Экспозицияда Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі қорынан 100-ге жуық бірегей экспонат қойылған. Олардың ішінде қазақ халқының тұрмысы мен қолданбалы өнерін көрсететін этнографиялық бұйымдар, фотосуреттер, сондай-ақ ұлттық музыкалық аспаптар бар, — деп хабарлады Алматы мұражайлар бірлестігі.

Көрмені өткізу 2025 жылы екінші «Қытай — Орталық Азия» саммиті аясында Алматы мен Шанхай арасындағы бауырлас қарым-қатынастардың орнауының практикалық нәтижелерінің бірі болды. Жоба екі қаланың мәдени ынтымақтастығын кеңейту және бірлескен гуманитарлық бастамаларды іске асыру бағытын көрсетеді.

Сонымен қатар, мұражай қорларының бірегей коллекциялары бұрын Сеулде (Оңтүстік Корея), Венада (Австрия), Парижде (Франция), Неапольде (Италия), Прагада (Чехия), Белградта (Сербия), Карцагта (Венгрия), Стамбулда (Түркия), сондай-ақ Амстердамда (Нидерланд Корольдігі) сәтті көрсетілген.

— «Наследие предков в преемственности традиций» көрмесі Ұлы Даланың мәдени мұрасын әлемдік қоғамдастық арасында танымал етуге және қазақ руханияты мен тарихының терең тамырларын ашуға бағытталған маңызды мәдени оқиға болды, — деп қосты Алматы мұражайлар бірлестігі.

Алматы мұражайлар бірлестігі — елдің мәдени және қоғамдық өміріне белсенді үлес қосып жатқан заманауи мәдени мекеме. Соңғы жылдары бірлестік халықаралық ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Дереккөз: Inform.kz