Алматыда Рысқұлбеков көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары аяқталуына байланысты 12 автобус маршруты бұрынғы схема бойынша қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ресми жарияланымға сәйкес, Рысқұлбеков көшесіндегі (Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі учаске) жол жөндеу жұмыстары аяқталғандықтан, №3, №15, №32, №34, №59, №63, №63А, №67, №103, №119, №135 және №205 маршруттарының бекітілген қозғалыс схемалары қайта қалпына келтіріледі.
Рысқұлбеков көшесінің учаскесінің уақытша жабылғаны 24 маусымда белгілі болған еді.
Бұған дейін №145 және №233 екі автобус маршрутының өзгергені хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz