...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы жеке мектепте оқу ақысы 400 мың теңгеге жетті: ата-аналар наразы

Алматы тұрғындары жеке меншік мектептердің бірінде оқу ақысының күрт өсуіне наразылық білдіріп жатыр. Кейбір ата-аналар қыркүйек айынан бастап әр бала үшін айына 400 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

KTK телеарнасының мәліметінше, Алматыдағы жеке мектептің ғимараты алдында ашуланған ата-аналар «кезекшілік етіп», жаңа баға белгілеуге наразылық білдірді. Олардың айтуынша, қыркүйектен бастап әр бала үшін айына 400 мың теңгеге дейін төлеуге тура келеді.

«Мен үшін бұл жабайы шок. Қазір хабарлама келді, тамақпен қоса айына 380 мың теңге төлеуіміз керек, бұл екі еседен астам өсім», — деді Анна Шувалова.

Құралай Әлиева өткен жылы ұлын осы мектепке 208 мың теңгеге ауыстырған. Бірақ күтпеген жерден мектеп әкімшілігі бағаның көтерілетінін хабарлаған.

«25 ақпанда біз оқу ақысының көтерілгені туралы хабарлама алдық. Менің жағдайда сома 380 мың теңге болды — 83 пайызға өсті. Мен барлық ата-аналармен бірге сотқа беруді жоспарлап отырмын, өйткені мектеп өзін адал ұстамады», — деді Әлиева.

Ата-аналар балаларын басқа мектепке ауыстырғысы келмейді, себебі олар орналасқан жері мен педагогтарға үйреніп қалған. Мектеп өкілі ата-аналардың өтінішіне жазбаша жауапты 19 мамырға қарай беретінін айтты.

«Мен айттым: біз заңгерлеріміз дайындағаннан кейін жауап береміз. Түсінесіздер, бізде жұмыс көп. Үлкен рахмет, сау болыңыздар», — деп қысқа ғана жауап берді мектеп өкілі.

Білім басқармасы мектепке әсер ете алмайтынын, жеке меншік мекемелер бағаны өздері белгілейтінін айтты. Ал заңгерлер келісімшартты мұқият оқып, бұзылған жағдайда прокуратураға жүгінуге кеңес береді.

«Ең алдымен нысан орналасқан жердегі прокуратураға шағым түсіру керек. Содан кейін Оқу-ағарту министрлігіне, одан кейін Білім сапасын қамтамасыз ету комитетіне жүгіну қажет. Шағым ұжымдық болуы тиіс, барлық қатысушылар қол қоюы керек», — деп кеңес берді заңгер Арман Шәріпов.

Дереккөз: Nur.kz