...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Терренкүр көлінде қалқымалы гүл композициялары пайда болды

Алматыдағы Терренкүр көлінде қалқымалы гүл композициялары пайда болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

«Көгалдандыру бағдарламасы аясында кәсіпорын мамандары су айдынына сәндік қалқымалы гүлзарларды орнатуға кірісті. Жарқын композициялар су бетін безендіріп, қаланың танымал серуендеу аймақтарының бірінің абаттандырылған кеңістігін толықтырады», — делінген хабарламада.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, қалқымалы гүлзарлар аумақтың ландшафтық безендірілуінің жаңа элементіне айналып, алматылықтар мен қонақтардың демалысына қосымша мүмкіндіктер жасайды.

Сондай-ақ «Eco Almaty» мұндай шешімдер қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық тартымдылығын арттыруға, қалалық ортаны дамытуға және қала тұрғындарының демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

Дереккөз: Nur.kz