...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Панфилов көшесінде брусчатканы неге ауыстырады: әкімдік жауап берді

Алматы тұрғыны Панфилов көшесінде 10 жыл бойы сынбай, жарылмай жатқан брусчатканы ауыстырудың себебін сұрап, әкімдікке жүгінді. Қалалық әкімдік бұл шешімді түсіндіріп, жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Instagram-дағы almaty_realnaya_ парақшасында брусчатканы бөлшектеу видеосы жарияланды. Автордың айтуынша, тас төсеме 10 жылға жуық төселген, еш жері сынбаған, жарылмаған. «Қазір оны алып тастайды, менің ойымша, екі жылдан кейін тозатын жаңа брусчатка салады. Мұны не үшін істеп жатыр?» – деп сұрайды ол.

«Панфилов көшесінде (батыс жағы) Гоголь көшесінен Жібек Жолы даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында брусчатка ауыстырылуда. Қолданыстағы цемент-құмды брусчатка жабыны қанағаттанарлықсыз күйде, бұл жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудырады. Осы учаскедегі жұмыстың жалпы көлемі 35 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ көгалдандыру үшін жасыл аймақтарды бөлу және абаттандыру жоспарланған», – деп түсіндірді қалалық әкімдік.

Дереккөз: Nur.kz