
Алматыда өткен экологиялық акция аясында 200 келіден астам қауіпті қалдық қайта өңдеуге жіберілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында 50-ге жуық сынап және люминесцентті шам, 50 келі алюминий банка, 70 келі макулатура және 100 келі шыны бұйымдары жиналды. Алматы қаласы мен облысының тұрғындары пластик, макулатура, картон, алюминий, шыны, электронды құрылғылар және қауіпті қалдықтарды әкелді.
«Eco Almaty» мәліметінше, шикізаттың негізгі бөлігі қайта өңдеуге жіберілсе, сынапты шамдар сияқты қауіпті қалдықтар арнайы кәдеге жаратуға тапсырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция қаланың төменгі бөлігінде тұрақты қабылдау пункттерінің жетіспеушілігіне байланысты экологиялық бастамаларды дамыту қажеттігінен өткізілді. Мұндай шаралар полигондарға жіберілетін қалдықтарды азайтып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың экологиялық тәрбиесін күшейту үшін «Жасыл сабақтар» жобасын жариялағанын еске саламыз.
Дереккөз: Inform.kz