
Алматыдағы Наурызбай ауданының ауасында зиянды заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе асып кеткен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 14 мамырда «Eco Almaty» ЖШС атмосфералық ауа сапасын тексеру қорытындысын жариялады. Нәтижесінде бірқатар көрсеткіш бойынша нормадан асып кету тіркелген.
Атап айтқанда, азот диоксидінің концентрациясы 4,410 мг/м³ (норма 0,2 мг/м³), бензол – 5,749 мг/м³ (норма 0,3 мг/м³), ал шаң тәрізді қалқыма заттар – 36,949 мг/м³ (норма 0,5 мг/м³) болған.
Жиналған материалдар уәкілетті органдарға қолданыстағы заңнама аясында қарау және шара қабылдау үшін жіберілді.
Бұған дейін экологтар Алматы-2 теміржол вокзалында локомотивтер шығарындыларында ластаушы заттардың концентрациясының асып кетуін анықтаған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz