...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы КСК төрағаларына қойылатын жаңа талап: енді басқаратын үйінде тұруы керек

Алматыдағы КСК төрағалары енді өздері басқаратын үйлердің бірінде тұруға міндетті. Бұл — төрағаның тұрғындардың мәселелеріне араласып, жеке жауапкершілік сезінуі үшін қабылданған шешім. Сонымен қатар, кооперативтер маусым айының соңына дейін қайта тіркеуден өтуі керек, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Үйлерді басқару қағидаты да өзгерді. Енді КСК басқару органы болып саналмайды, олар қызмет көрсетуші ұйымдар статусына ауысады. Шешімдерді тікелей тұрғындар немесе ОСИ арқылы қабылдайды.

Басқару мәселелері бойынша дауыс беруге жиналыстарда ғана емес, онлайн режимде — арнайы қосымшалар арқылы да қатысуға болады. Бұл жиналысқа келе алмаған немесе басқа қалада жүрген меншік иелеріне де мүмкіндік береді.

Жуырда Қазнетте Алматыдағы тротуарларды жууға қатысты даулар туындады.

Дереккөз: Zakon.kz