
Алматыдағы киностудияның клиенттері полицияға жүгініп, продюсерлік орталықтың жетекшісі ғана емес, түсірілімдерге белсенді шақырған жұлдыздарды да жауапқа тартуды талап етеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Клиенттердің айтуынша, іс әлі жылжымай отыр, ал киностудия кәмелетке толмағандарды кастингтерге тартуды жалғастыруда. Бірақ қазір бұрынғы киностудияның ізі де қалмаған. Компания атауы бар жазулық жоғалып, терезелер перделенген. Кеңсе әлі де жабық.
Актер болмай қалғандардың ата-аналары адвокат жалдады. Ол тек студияның негізін қалаушысы ғана емес, жарнамаға қатысқан әртістер де жауапқа тартылуы керек деп талап етеді. Адамдардың компанияға сенуіне дәл солардың белсенді насихаттауы себеп болған.
Құқық қорғау органдары журналистерге «Алаяқтық» бабы бойынша іс толық жүріп жатқанын айтты. Егер компанияның кінәсі дәлелденсе, оның негізін қалаушысына үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнеді. Ал жарнамаға қатысқан актерлерге ешнәрсе болмайды.
Актерлердің өздері бұл жолы жария түрде жағдайды түсіндіруден бас тартты. Бірақ жеке әңгімеде олар бұрынғыдай барлық жоспарланған фильмдерге тіпті тегін де қатысуға дайын екенін, түсірілімдердің басталуын өздері де күткенін айтты. Тек олардың қашан өтетіні студия негізін қалаушысына байланысты.
Студия негізін қалаушысы да жауап беруден бас тартты. Бірақ телефон арқылы түсірілімдердің Астанада қайта басталғанын, тіпті 22 сәуірде кинотеатрда тұсаукесер өтуі тиіс екенін хабарлады. Ал Алматы мен басқа қалалардың балаларына кезек қашан келетіні белгісіз.
Алматыда бірнеше күн бұрын 50 мыңнан астам мектеп оқушысы мен студент бір уақытта зарядкаға шықты.
Дереккөз: Zakon.kz