...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы базардан құжаты жоқ 13 мыңнан астам жұмыртқа тәркіленді

Алматыдағы «Барыс-IV» базарында рейд кезінде ветеринариялық ілеспе құжаттары мен тиісті орамы жоқ 13 680 тауық жұмыртқасы анықталып, айналымнан алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ҚР Сауда министрлігінің мәліметінше, бірлескен рейдтік іс-шара барысында ветеринариялық-санитариялық талаптарды бұза отырып сатылған жұмыртқалар тәркіленген. Мониторинг кезінде мамандар ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз, тиісті таңбасыз және орамсыз сатылып жатқан партияны анықтаған.

Бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге айыппұл салынды.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, алынған өнім жойылды: 2026 жылғы 10 маусымда жұмыртқалар қалалық мал қорымына шығарылып, «Беккер шұңқырында» биотермиялық әдіспен утилизацияланды.

Дереккөз: Inalmaty.kz