...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында маусымда жол қозғалысы шектеледі

Алматының үш ауданында маусым айында жерасты газ құбырын жаңғырту жоспарланған. Осыған байланысты кейбір учаскелерде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Instagram парақшасында хабарлағандай, маусымда Әл-Фараби даңғылының жекелеген учаскелерінде қозғалыс ішінара шектеледі. Себебі Медеу және Бостандық аудандарында орта қысымды жерасты газ құбырын жаңарту жұмыстары басталады.

Алматы өндірістік филиалының дерегінше, жаңғырту ұзындығы 1154 метр учаскені қамтиды. Жұмыстар Луганский көшесінен Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Қаратаев көшесіне дейін жүргізіледі.

Сондай-ақ маусымда Жароков көшесінде де қозғалыс ішінара шектеледі. Мұнда жаңғырту ұзындығы 1861 метр учаскені қамтиды — Қарасай батыр көшесінен Жароков көшесінің шығыс жағымен Мыңбаев көшесіне дейін.

«Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы схемасындағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз», — делінген хабарламада.

Дереккөз: Nur.kz