...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы жол жобасына 202 млн теңге төленген іс ҰҚК-нің тергеуінде

Алматыда автомобиль жолын реконструкциялау жобасын әзірлеу кезінде бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілерін қала прокуратурасы анықтады, ал тергеуді Алматы бойынша ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар тапсырыс беруші 27 млн теңгеге тұрақсыздық айыбын және шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өндіріп алмаған.

Қадағалау органының түсіндіруінше, өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес таратуға жатпайды.

2026 жылғы 9 қарашада Алматы – Өскемен трассасын жөндеу 115 млн теңгеге жалғанған жанжалға ұласқаны белгілі болды.