...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы жол апатының жиі себептері аталды: қарсы жолаққа шығу және мас күй

Алматыда 2026 жылдың басынан бері 3,5 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, апаттардың негізгі себептері — қарсы жолаққа шығу, жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін бұзу, авариялық жағдай туғызу, жол белгілері мен сызықтарының талаптарын сақтамау, сондай-ақ жүргізушілердің мас күйінде болуы.

«Негізгі себептер: қарсы жолаққа шығу, жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін бұзу, авариялық жағдай туғызу, жол белгілері мен сызықтарының талаптарын сақтамау, сондай-ақ жүргізушілердің мас күйінде болуы», — деді Салтанат Әзірбек.

Оның сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері Алматыда 1300 мас жүргізуші ұсталып, көлік басқарудан шеттетілген. Жалпы 1700 адам әкімшілік қамауға алынған. Олардың арасында мас күйінде көлік жүргізгендер және қос тұтас сызықты кесіп өткендер бар.

Дереккөз: Nur.kz