...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Төле бидегі жұмыстарға байланысты Алматыда автобус бағыттары өзгереді

Алматыда 17 шілдеден бастап бірнеше автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы көлік холдингінің мәліметінше, түзетулер алты автобус бағытына әсер етеді. Төле би көшесін ұзарту жобасы аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Ашимов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс уақытша шектеледі. Осыған орай №27 және №76 автобус бағыттарының схемасы өзгереді.

Солтүстік бағытта: Алатау даңғылы — Райымбек даңғылы — әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Райымбек даңғылы — бұрылыс — Райымбек даңғылы — Алатау даңғылы — әрі қарай схема бойынша.

Шығыс бағытта: Алтын Орда көшесі — Алатау даңғылы — бұрылыс — Алатау даңғылы — Райымбек даңғылы — әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Райымбек даңғылы — бұрылыс — Райымбек даңғылы — Алатау даңғылы — Алтын Орда көшесі — әрі қарай схема бойынша.

Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мерзімдерінің ауысуына және уақытша тоқтатылуына байланысты №14, №22, №26 және №44 автобустары жөндеу басталғанға дейін қолданылған бұрынғы қозғалыс схемаларына қайта оралады.

Бұған дейін Алматыда ЛРТ жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілетіні хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz