Жетісу ауданында Кемел шағын ауданындағы Карасу өзенінің бойындағы жағалауға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 6 гектардан астам аумақ тегістеліп, 2,5 шақырым жағалау сызығы габиондық құрылымдармен бекітілуде, тротуарлар төселіп, жаяу жүргіншілер көпірлері орнатылып, автоматты суару жүйесі тартылуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, ауданда серуендеу аймақтары, саябақтар мен аула аумақтары абаттандырылуда. Жұмыстар Коммунальная, Омаров, Тихов, Сериков және Шилдехан көшелерін, сондай-ақ Айнабұлақ, Көкмайса және Кемел шағын аудандарын қамтиды.
Жобаларда көгалдандыру, тротуарлар мен автоматты суару жүйелерін орнату, сыртқы жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қою қарастырылған. Кейбір аумақтарда балалар мен спорт алаңдары, мини-футбол алаңдары, баспалдақтар мен жаяу жүргіншілер көпірлері салынуда.
Дереккөз: Almaty.tv
