1 тамызда Алматы, Балқаш қалаларында, түнде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» релизіне сілтеме жасап.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, олар атмосфералық ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.
Бұған дейін «Қазгидромет» 1 тамызға арналған дауылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер қатты ыстық пен найзағайлы жаңбыр күтілетінін ескертеді.
Дереккөз: Zakon.kz
