...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ТЖМ қауіпті аймақтар мен нысандарды тексерді

Алматыда 2026 жылғы 28 қыркүйекте таңертең болған жер сілкінісінен кейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мекемесі мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қауіпті учаскелерді тексерді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына ықтимал зақымдарды анықтау мақсатында визуалды тексеру жүргізілді.

ТЖМ деректері бойынша, есептік қарқындылық мынадай болды:

Алматы 6 км 3-4 б.
Каскелен 18 км 2-3 б.
С. Боралдай 19 км 2-3 б.
С. Отеген-Батыр 28 км 2 б.

Айта кету керек, сол күні таңғы 06:32-де Қазақстан аумағында сейсмикалық оқиға тіркелген. ТЖД мәліметінше, Алматыда дүмпу сезілмеген.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабыр сақтауға және үрейге бой алмауға шақырды.