Алматыда Ұтеген батыр көшесінің бір учаскесінде көлік қозғалысының сызбасы өзгергені туралы қала тұрғындары мен қонақтарына ескертілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының жол қозғалысы мен жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Instagram парақшасында Төле би көшесі мен Райымбек даңғылы аралығында реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі пайда болғанын хабарлады.
Сонымен қатар бұл учаскеде жүргізушілер үшін рұқсат етілген бұрылыс жасалды.
«Бұл жол жүру қашықтығын қысқартуға мүмкіндік береді және бұрылыс үшін ірі қиылыстарға дейін жету қажеттілігінен арылтады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді мұқият болуға, бағдаршам сигналдарын сақтауға және жаңа жол белгілерін ескеруге шақырамыз», — деп ескертті басқармада.
Басқарма өкілдері жаңа сызба туралы бейнежазбаны да жариялады.
