...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы Үтеген батыр көшесінде жаңа бағдаршам мен бұрылыс пайда болды

Алматыда Үтеген батыр көшесінің бір учаскесінде жаңа бағдаршам орнатылып, көлік жүргізушілері үшін рұқсат етілген бұрылыс жасалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, жаңа бағдаршамның арқасында жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындары жолдан қауіпсіз өте алады.

Сонымен қатар бұл учаскеде жүргізушілер үшін рұқсат етілген бұрылыс қарастырылған.

Жаңалықтарға байланысты ведомство тұрғындарға өтініш білдірді.

Публикация от Управление транспорта (@almaty_transport)

Бұдан бөлек, Алматыда 2026 жылғы 13 қарашадан бастап жаңа метро станциясының құрылысы кезеңінде Алатау даңғылы бойынша – Абай даңғылынан Улугбек көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.