...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы тұрғындардың электр төлемдерінде ОСИ мен КСК қарызы көрсетіледі

Биылғы тамыз айынан бастап Алматы және Алматы облысы тұрғындарының электр энергиясына арналған төлем құжаттарында ОСИ, КСК немесе басқарушы компанияның энергиямен жабдықтаушы ұйым алдындағы қарызы туралы ақпарат көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңашылдық тек «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы «Энергосбыт»-пен электрмен жабдықтау шартын жасасқан тұтынушыларға қатысты болады.

Энергия беруші ұйымның мәліметінше, бұл жаңашылдық пәтер иелеріне өз үйлері бойынша қарыздың бар-жоғын уақытылы білуге және басқарушы ұйымның электр энергиясын төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауын бақылауға мүмкіндік береді.

Егер қарыз белгіленген тәртіпте өтелмесе, бұл нысанның электрмен жабдықталуын шектеуге немесе тоқтатуға әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты тұрғындарға төлем құжаттарындағы жаңа ақпаратқа назар аудару және қарыз болған жағдайда себептерін анықтау және оны өтеу шараларын қабылдау үшін ОСИ, КСК немесе басқарушы компанияға уақытылы жүгіну ұсынылады.

— Төлем құжатындағы қарыз сомасын көрсету — ақпараттық ашықтық шарасы. Ол меншік иелеріне өз үйінің есеп айырысу жағдайын көруге және электрмен жабдықтауда проблемалардың алдын алу үшін уақытылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ.

Айта кетейік, 1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы және Алматы облысы тұрғындарының тұтынылған электр энергиясы үшін жалпы қарызы шамамен 34 млрд теңгені құраған. Бұған дейін компания қарыздардың электр энергиясын өшіруі мүмкін екендігі туралы ескерткен болатын.

Дереккөз: Inform.kz