...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы су қорғау аймағындағы 17 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Алматыда сот шешімімен Медеу ауданындағы Бекенбай өзенінің (Мұзтау шағын ауданы, бұрынғы Бұтаковка) су қорғау аймағында орналасқан жалпы ауданы 7,7 гектардан асатын 17 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тексеру барысында мамандар осы жер телімдерінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспорттарын ресімдеу кезінде заңбұзушылықтарды анықтаған.

Тексеру нәтижелері бойынша Алматы жер ресурстарын басқару департаменті 17 учаскеге сәйкестендіру құжаттарын жою туралы нұсқама берген. Алайда талаптар орындалмаған соң, ведомство Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап-арызбен жүгінген. Сот талап-арызды толық қанағаттандырған.

Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін барлық 17 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бұған дейін Алматының Түрксіб ауданында орналасқан жалпы ауданы 14,6777 гектар сегіз жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

Дереккөз: Inform.kz