...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Алматыдағы СЭЗ қатысушыларының шығыны прокурорлық тексерістен кейін азайды

Алматы прокуратурасы «Алатау инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының 54 қатысушысының құқығын қорғап, аумақты күтіп-ұстау қызметінің негізсіз қымбаттаған құнын төмендетуге қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ЖШС арнайы экономикалық аймақ аумағын күтіп-ұстау қызметінің құнына қосымша шығындарды негізсіз қосқан.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызмет құны төмендетілді, бұл СЭЗ қатысушыларының мүддесін қорғауға және бизнеске түскен негізсіз қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

— Жіберілген бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Инвесторлардың құқығын қорғау, сондай-ақ бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады ведомствода.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 50 тонна саздың заңсыз өндірілгені анықталғаны хабарланған.

Сондай-ақ Алматы облысында ағаш кесілгеннен кейін миллионнан астам ағаш отырғызылмағаны туралы мәлімделген.