Алматыда Төле би көшесінде жөндеу жұмыстарына байланысты түнгі уақытта қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 9 қыркүйек сағат 22:00-ден 10 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Кәрімов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Сонымен қатар, осы уақыт аралығында Саин көшесінің шығысындағы учаскеде, Metro гипермаркетінің жанында, Д.А. Қонаев атындағы колледждің қарсысында шығыс бағыттағы қозғалыс жабылады.
Жөнделіп жатқан учаскелерде ескерту белгілері қойылады.
Бұған дейін Астанада маңызды қиылыстардың бірінде бес күнге қозғалыс толығымен жабылатынын хабарлаған болатынбыз.
