...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы сауда орталығында қыз ұрлық жасады деп күдікке ілікті

Алматының Жетісу ауданындағы сауда орталықтарының біріндегі бутиктен қыз бала ұрлық жасады деп күдікке ілікті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, дүкеннен құны 36 мың теңгеден асатын тауарды алып шығуға әрекет жасалған. Оқиғаны дүкен қызметкерлері байқап, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Күдікті қыз Жетісу ауданының полиция басқармасына жеткізілді.

«Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қыздың әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады», — деп атап өтті қалалық полиция департаментінде.

Полиция жазаның бұлтартпастығы қағидатын еске салып, азаматтарды бөтеннің мүлкін құрметтеуге және оңай олжаға қызықпауға шақырады. Ұсақ көрінетін нәрсенің өзі ауыр салдарға әкеп соғатын құқық бұзушылыққа айналуы мүмкін.