...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы мен Астананы қоса, бірнеше қаланы лас ауа басады

28 қыркүйекте Алматы мен Оралда, сондай-ақ түнде Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Қостанай және Астанада ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Қазгидромет» релизіне сілтеме жасап хабарланады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл желдің басылуы, әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың қосындысы. Олар зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаның жер беті қабатында жиналуына ықпал етеді.

Бұған дейін синоптиктер 28 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірлерінде үсік соғатынын айтқан болатын.