...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы РФМШ-да жаппай улану: тағамнан стафилококк табылды, оқушылар карантинде

Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектебінде (РФМШ) оқушылардың жаппай ауыруына қатысты тергеу жалғасып жатыр, ал зертханалық тексерулер тағам сынамаларынан микробтық ластануды және дезинфекция талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, асхана қызметкерлерінің төртеуінен Staphylococcus aureus микробының тасымалдаушысы анықталған. Олар уақытша жұмыстан шеттетілді.

Ошақтың оқшауланғаны да белгілі болды. Барлық 58 оқушы қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

РФМШ өкілдері қажетті санитарлық-профилактикалық және дезинфекциялық шараларды жүргізіп жатқанын хабарлады. Қазір оқушылар демалыста, ал екінші тоқсанда сабақтар уақытша қашықтықтан өтеді.

2026 жылғы 12 қазанда Алматының балалар жұқпалы аурулар ауруханасына РФМШ оқушылары жедел ішек инфекциясының белгілерімен жатқызылды. Кейіннен ауруханаға түскен балалар саны артқан.

Денсаулық сақтау министрлігі асхананы тексеру қорытындысы бойынша санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтағанын мәлімдеді. Инфекция көзін анықтау үшін су мен тағам өнімдерінің сынамалары, смывтар алынып, асхана қызметкерлері тексерілді. Мектеп пен асхананың жұмысы тоқтатылды.

Алматы полициясы жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.