Алматыдағы «Маяк» қалалық көлінде балық аулау күтпеген жайтпен аяқталды — ер адам судан патрон салынған сөмкені шығарып алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Балық аулау кезінде қармаққа балықтың орнына оқ-дәрілер тиген. Ер адам судан ішіне патрондар салынған сөмкені тартып шығарған.
Оқиғаның мән-жайы мен табылған оқ-дәрілердің шығу тегі анықталып жатыр.
