Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлерде жылу беру сапасына қатысты шағымдар жиілеп кетті. Себебі — инженерлік желілерді рұқсатсыз ауыстыру немесе басқа жерге көшіру, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мамандар инженерлік желілерді ауыстыру немесе көшіру қайта жабдықтауға жататынын атап өтеді. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда мұндай қайта жабдықтау өз бетінше жасалған деп есептеледі.
Мұның басты қаупі — бүкіл үйдің жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысы бұзылуы мүмкін.
«АлТС» қызметкерлері көппәтерлі үй тұрғындарының жылу беру сапасына қатысты мәселелерге жиі тап болатынын өкінішпен атап өтеді.
Публикация от Алматы жылу жүйесі ЖШС (@alts.kz)
Еске салайық, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 10 қарашада үкіметтегі брифингте климаттың өзгеруін ескере отырып, Қазақстанда жылу маусымының мерзімін түзету мүмкіндігін жоққа шығармады.
