...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы әуежайында құрылыс кезінде жұмысшы қаза тапты

Алматы әуежайының перрон аймағында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде жазатайым оқиға болып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 қарашада оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта болған жайдың мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Әуежай баспасөз қызметі қосымша түсініктеме берді. Олардың хабарлауынша, жазатайым оқиға әуежай перронында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде болған.

«Тергеу аяқталып, болған жайдың барлық мән-жайы анықталғанға дейін әуежай қосымша түсініктеме бере алмайды», — деп нақтылады әуежай баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 9 қарашада, SCAT әуекомпаниясының Мәскеу – Алматы бағытында ұшқан ұшағы Астанада шұғыл қонуға мәжбүр болғаны туралы жазылған болатын.