Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта құру және жағалауды абаттандыру жұмыстарына байланысты өзеннің жекелеген учаскелерінде жаяу жүргіншілердің өтуі уақытша шектеледі.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қарасу өзенінің бойындағы абаттандыру жұмыстарын тексерді. Жоба 6 гектардан астам аумақты қамтиды, жаяу жүргіншілер аймақтары, жарықтандыру, скейтпарк салынады. Абаттандыру қазан айында аяқталады.