...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

ALMATY SUMMER FEST: 11 шілдеде Алматыда алтыншы ашық аспан астындағы концерт өтеді

Алматыда 11 шілдеде қалалық әкімдік ұйымдастырған ALMATY SUMMER FEST фестивалінің алтыншы концерті өтеді. Мегаполис тұрғындары мен қонақтары сенбілік кешті ашық аспан астында өткізуге шақырылады. Концерт сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңында басталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көрермендер алдында Kalifarniya, Qanay, Бүркіт & Айша, Жанболат & Жазира, Елнұр Наурызбек, Ғаламат Бейсеқожа, Ернар Жұматаев, Aksunkar, Жұма Әбіл, Азамат Төрехан, Ердаулет Мұратұлы, Nurislam, JVSMIN, Dana Turar, Baymaman, DJ Akhmetoff, сондай-ақ Әуезов ауданының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Кештің жүргізушілері Дидар Каден мен Балауса Ерғалина болады.

ALMATY SUMMER FEST жазғы маусым бойы әр сенбі сайын өтіп, қаланың танымал мәдени алаңдарының біріне айналды. Әр концерт танымал орындаушылар мен Алматының әртүрлі аудандарының шығармашылық ұжымдарын біріктіріп, мыңдаған көрерменді жинайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz