Алматы тұрғыны 2026 жылғы 14 шілдеде Threads әлеуметтік желісінде Гагарин даңғылындағы аллеяға «тағы да жаңа плитка әкеліп, көптеген көгалдарды жойып, суару жүйесін көмуге тырысып жатыр» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ол аллеядан «тағы біраз «сұлулықты» көрсетті. «Ал мынау Гагарин даңғылындағы аллея – Абайдан жоғары. Көктемде мұнда қалыпты шөп өсіп тұрған, жаңбырдан кейін тіпті шампиньондар да өніп шығатын. Ал қазі мынадай. Себебі, мұнда автоматты суару жүйесі бар дегенмен, мен оны жылына екі рет қана жұмыс істеп тұрғанын көрдім. Ол да асфальтты суаратын. Бірнеше күн бұрын шөпті түбінен шауып тастады. Дәл осындай жағдай бір жыл бұрын да болған. Сонда бәрін қайта себуге тура келді. Бір жері қалыпты көктеді, бір жері көктемеді. Қалай көктесе де – сапаға ешкімнің шаруасы жоқ», – деді ер адам.
Қалалық әкімдіктен алынған түсініктемеде суару жүйесін тамшылатып суару әдісімен жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды. Сондай-ақ, Гагарин даңғылының Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде соңғы рет абаттандыру 2020 жылы жүргізілгені нақтыланды.
2026 жылғы 13 шілдеде тағы бір алматылық Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарына наразылық білдірген. Оның айтуынша, соңғы екі ай ішінде өзен жағалауындағы асфальт үшінші рет ауыстырылып жатыр. Бұған Алматы қаласы әкімдігінің Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы жауап берді.
Дереккөз: Zakon.kz