Алматыдағы Ерменсай шағын ауданында бордюр ауыстыру кезінде су құбырының учаскесі зақымдалып, тұрғындар сусыз қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Kozachkov offside Telegram-арнасында су құбырының зақымдану салдарын көрсететін бейнежазба жарияланды.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «ҚазСнабСервис» ЖШС мердігерлік ұйымы бордюр тасын бөлшектеу кезінде Ерменсай шағын ауданындағы Sakura тұрғын үй кешенін сумен қамтамасыз ететін абоненттік құбырдың қосылу нүктесінде диаметрі 160 мм сыртқы су құбырының учаскесін зақымдаған.
«Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жедел ұйымдастырылды. 4 шілдеде сағат 15:00-ге қарай зақым толығымен жойылып, Sakura тұрғын үй кешеніне су беру толық көлемде қалпына келтірілді. Зақымды жою кезінде қолданыстағы жолдың жүру бөлігі қазылған жоқ. Барлық авариялық-қалпына келтіру жұмыстары бордюр тасы мен арық науасы орналасқан жолақ шегінде, жолдың конструктивтік элементтерін бұзбай орындалды», — делінген әкімдік хабарламасында.
Дереккөз: Nur.kz