...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы базарда жанжал: тұрғындар полицияны әрекетсіздікке кінәлады

Алматыдағы жергілікті базарлардың бірінде болған ауызша жанжалдан кейін қала тұрғындары полиция қызметкерлерін әрекетсіздікке кінәлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі Threads парақшасында kadyrova.um деген пайдаланушы базар аумағындағы оқиғаға қатысты шағым жариялаған. Оның айтуынша, жұбайы өзіне қаратылған тіл тигізу мен былапыт сөздерден кейін полиция шақырған.

«Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, арызды қабылдады. Бірақ жағдайды анықтап, тиісті шара қолданудың орнына, жұбайымды тіл тигізген адамды жай ғана жіберіп қойды. (…) Нәтижесінде тіл тигізген адам полиция қызметкерлерімен қол алысып, кетіп қалды», — делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті жарияланым астындағы пікірлерде 12 қыркүйекте «102» пультіне жанжал туралы хабарлама түскенін растады. Қызметкерлер келгенде азаматтар арасында ауызша жанжал болғаны, оның барысында бір қатысушы былапыт сөйлеп, өзін агрессивті ұстағаны анықталды.

«Осы факті бойынша құқық бұзушыға қатысты учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», — деп мәлімдеді полицияда.