...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы асхана өртеніп, өрт сөндірушілер 7 газ баллонын алып шықты

Алматыда Рихард Зорге көшесіндегі асхана ғимаратында өрт шығып, құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама «112» жедел қызметінің пультіне түскен. Құтқарушылар келген кезде асхана ғимаратының шатыры мен бірінші қабатының жанғаны анықталды.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонын шығарды: бесеуі 50 литрлік, екеуі 20 литрлік.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сонымен қатар, 6 қараша 2026 жылы Семейде жолаушылар автобусы қозғалыс кезінде өртенген.