Алматыда қайырымдылық арт-пикнигі өтті, оның басты мақсаты – қаңғыбас жануарларды жаңа отбасыларға орналастыру және үй жануарларына жауапкершілікпен қарау мәдениетін насихаттау болды. Іс-шара 14 жануарлар баспанасын, еріктілерді, үй жануарларына күтім жасау мамандарын және қала тұрғындарын біріктірді. Күн бойы қонақтар иттер мен мысықтармен танысып, олардың тарихын біліп, баспаналар өкілдерімен сөйлесіп, сарапшылардан кеңес ала алды. Акция қорытындысы бойынша 36 жануар жаңа үй тапты. Келушілер үшін ветеринарлық клиника, груминг-аймақ және кинолог алаңы жұмыс істеді, онда үй жануарларының денсаулығы, тәрбиесі мен бейімделуі бойынша ұсыныстар алуға болатын еді. Сондай-ақ, үйге жануарды қалай дайындау, оның жаңа отбасына үйренуіне көмектесу және дұрыс күтімді қамтамасыз ету туралы ашық дәрістер өтті. Сонымен қатар, қонақтар үшін шығармашылық шеберлік сабақтары, фотозоналар, аквагрим және музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, арт-пикник үй жануарларына жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамыту және баспаналарды қолдау бойынша ұзақмерзімді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дереккөз: Inalmaty.kz