...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы Әуезов ауданында жыл басынан бері 100-ден астам аула абаттандырылды

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы аясында Әуезов ауданында аула аумақтарын күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Әуезов ауданы әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 30 футбол және баскетбол алаңдарының қоршаулары қалпына келтірілді. Сондай-ақ 70 аулада балалар және спорт алаңдарының тартан жабыны ауыстырылып, қалпына келтірілді.

Қосымша шағын сәулеттік нысандар 4 аулада орнатылды.

Күнделікті негізде 971 ауланың санитарлық тазалығы жүргізіліп, ұсақ жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аумақтарға қызмет көрсету үшін 7 мердігер ұйым, 440 жол жұмысшысы және 46 бірлік арнайы техника жұмылдырылған, деп хабарлады аудан әкімдігі.

Дереккөз: Almaty.tv