...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жыл басынан бері 1,4 мыңнан астам автобус экологиялық нормаларға тексерілді

2026 жылғы 3 қаңтардан 30 маусымға дейін «Eco Almaty» ЖШС мамандары Алматыдағы автобус парктеріне қайта тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Есепте тұрған 2 525 автобустың 1 407 бірлігі тексерілді. Мониторинг қорытындысы бойынша 596 автобуста, оның ішінде 150 дизельді және 446 газ қозғалтқышты автобуста шығарынды газдардың уыттылығы мен түтінділігі нормадан асқаны анықталды.

«Eco Almaty» ЖШС тексерулер атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында тұрақты негізде жүргізіліп, қоғамдық көліктен ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Дереккөз: Almaty.tv