...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жүргізушілер жанжалы төбелеске ұласып, қылмыстық іс қозғалды

Алматыда екі жүргізуші арасындағы жанжал төбелеске ұласып, Бостандық ауданының полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында Kia Rio және Mercedes көліктерінің жүргізушілері арасында ауызша жанжал болғаны анықталған. Бір сәтте дау төбелеске ұласып, 41 жастағы Mercedes жүргізушісі 30 жастағы қарсыласына бірнеше соққы жасаған.

— Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің әрекетіне қатаң құқықтық баға беріледі, нәтижесінде ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды сабыр сақтауға және рульде агрессия көрсетпеуге шақырды.