Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізілген тексеру барысында тәртіп сақшылары ереже бұзушылықтарға байланысты сегіз жүк көлігін арнайы айыппұл тұрағына жіберді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 2026 жылғы 14 қарашада Алматы қаласының Полиция департаменті мәлімдеді.
Жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарында қажетті құжаттардың болмауы, көліктің техникалық талаптарға сай келмеуі, пайдалану ережелерін бұзу және мемлекеттік тіркеу белгілерін дұрыс қолданбау бар.
Полиция жүк көліктерін тексеру мегаполис аудандарының барлығында жалғасатынын атап өтті.
Бұған дейін Алматыда жүк көлігіне салынатын салмақ шектеулеріне қарсы рұқсат етілмеген наразылық акциясына шақырғаны үшін 41 жастағы ер адам қамауға алынған болатын.
