Алматыда тауға серуендеу қайғылы аяқталды: жарақат алған қыз медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына Алматының Мониторинг және жедел ден қою орталығының қызметкерлері келіп, зардап шеккен қызға қажетті көмек көрсетті. Олар оны «Эдельвейс» туристік базасының шлагбаумына дейін жеткізді.
Сол жерде қыз жедел медициналық көмек бригадасына тапсырылды.
Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске салады.
Бұған дейін құтқарушылар туристерге тауға шығу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салған болатын.
