...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жол салу үшін 197 жер телімі мәжбүрлеп алынады

Алматы әкімдігі Түрксіб ауданы, Қайрат шағын ауданындағы 197 жер телімін мемлекет қажеттілігі үшін мәжбүрлеп алуды бастады. Бұл учаскелер «Шығыс қақпа» полиорталығына кіреберіс жолды Бұқтарма көшесіне дейін салу үшін қажет, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, мәжбүрлеп алу мерзімі – 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін. «Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы» КММ-не жер учаскелерінің иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұған дейін Түрксіб ауданы, Қайрат шағын ауданында «Шығыс қақпа» 110 кВ қосалқы станциясын салу үшін жер телімі алынатыны хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz