...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы полициясы Джеки Чанның келуіне қалай дайындалды

Әлемге әйгілі актер және режиссер Джеки Чанның Алматыға келу қарсаңында қалалық полиция департаментінде халықаралық кино жобасын іске асыру кезеңінде қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кеңеске қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол қозғалысын ұйымдастыруға, іс-шараларды сүйемелдеуге және түсірілім процесінің ұйымдастырушыларымен өзара іс-қимылды үйлестіруге тартылған қызметтер мен бөлімшелердің басшылары қатысты.

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мегаполисте әлемдік деңгейдегі кино жобасын өткізу қала мен ел үшін маңызды оқиға екенін, ал полиция жұмысы ең жоғары кәсіби стандарттарға сай болуы керектігін атап өтті.

— Біздің міндетіміз — қоғамдық қауіпсіздіктің барынша жоғары деңгейін, қоғамдық тәртіптің сенімді қорғалуын қамтамасыз ету және түсірілім процесінің тыныш өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасау. Мұндай жобалар Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға ықпал етеді, сондықтан әрбір қызмет үйлесімді, кәсіби және тек заң аясында әрекет етуі керек, — деді Айдын Қабдулдинов.

Кеңес барысында түсірілім алаңдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жобаға қатысушыларды сүйемелдеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен және түсірілім ұйымдастырушыларымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайларға ден қою алгоритмдері егжей-тегжейлі қаралды.

Полиция департаментінде барлық қажетті ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары алдын ала қабылданғанын атап өтті. Қазіргі уақытта полиция бөлімшелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күнделікті режимде жұмысты жалғастырып, түсірілімнің қауіпсіз өтуіне жағдай жасауда.

Бұған дейін Джеки Чан «Богатыр сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастау үшін Алматыға ұшып келгені хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz